Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес  сегізінші шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылы 04 маусым күні сағат 11.00 де  өтеді.

          Кезектен сессияның қарауына мына төмендегі  мәселелер  ұсынылады:

  1. Аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы.
  2. Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22/122-VIІI «2025-2027 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/128-VIІI  «Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері  жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/129-VIІI  «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық  профилактикасы жөніндегі ведоствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/130-VIІI «Төлеби ауданы  әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын  бекіту  туралы»    шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  6. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 наурыздағы №23/131-VIІI «Төлеби ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  7. Төлеби аудандық мәслихатының 2025 жылғы     30 сәуірдегі №25/146-VIІI «Төлеби аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы»    шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  8. Ауданда «Ұлтаралық қатнастар және бейбітшілік пен келісімді нығайту» барысында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  жайлы.
  9. Ауданда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңның  орындалу  барысы  жайлы.
  10. Сессияның қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

         Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2025 жылдың 04 сәуір күні сағат 09:00-де өткізіледі.

      Сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелерге сәйкес, ұсыныс-пікірлер мен жолданымдар болса аудандық мәслихат аппаратына мына сымтетіктер арқылы 6-10-72,   5-95-63  хабарласуға болады.  

 Аудандық мәслихаттың

 төрағасы                                                                                             Н.Қойбағаров 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1008391?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version