ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҮРКИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛДЕ ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан өңірінің өнерпаздары Түркия мемлекетінің Анталия қаласында VІ Халықаралық «Yörük Türkmen» мәдениет фестивалінде өнер көрсетеді. 30 мамыр мен 1 маусым аралығында өтетін шара Түркі елдерінің мәдени байланыстарын нығайтуға бағытталған.
 
Бүгін фестиваль қатысушылары мен ресми өкілдердің қатысуымен форум өтті. Оған Түркістан облысы мәдениет басқармасының бөлім басшысы, ақын Мұқағали Кенжетайұлы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры Мейіржан Алиакбаров қатысты.
 
Халықаралық дәрежедегі шарада Қазақстанның атынан Түркістан музыкалық драма театры мен «Саялы Сарыағаш» этно ансамблі қатысып, еліміздің бай мәдениеті мен өнерін таныстырады.
 
Анталия қаласының мэрі Muhittin Böcek қатысып, баяндама жасады. Форумға шетелдің 21 өкілі, ал Түркияның әртүрлі өңірлерінен 26 басшы қатысты. Бұл форумның мақсаты — көшпелі және жергілікті мәдени мұраны сақтап, түркі дүниесінің арасында тұрақты, мәдениетке негізделген ынтымақтастық желісін құру.
 
Форум аясында қатысушыларға оның құрылымы, мақсаттары және болашақ жоспарлары туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, форумның тұрақты хатшылығы, жұмыс топтары және ғылыми кеңес беру құрылымдары таныстырылды. Форумның төрағасы ретінде Muhittin Böcek сайланды, ал оның орынбасарлары ретінде Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласы мен Қазақстанның Түркістан қаласының өкілдері тағайындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1008113?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version