Үлкен үзіліске қатысқан үздік командаларды құрметтеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы  оқу жылы ішінде «We love sports», «А вот и мы. Давайте познакомимься», «Менің арманымдағы мектеп», «Favorite book», «Школьная пора», «Твори и дари добро», «Best class» жобаларын іске асыру бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды.

– Жобаны іске асырудың барысында құрамында 7-8 сыныптардың 813 оқушысы бар 36 команда болды. Әр кезеңнің қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 5 команда шығып отырды. Жобаның финалистері 244 оқушыдан тұратын 10 команда болды, – дейді орталық ұйымдастырушылары.

Жобаның қорытындысы бойынша финалист командаларға құрмет көрсетілді. Мәселен, бас жүлде мен ауыспалы жоба кубогын, Баянауыл ұлттық паркіне бір күндік турдың жолдамасын 8-сыныптың 23 оқушысынан тұратын К. Мақпалеев атындағы ЖОМ командасы жеңіп алды.

– Жобаға қатысу қызықты болды, бізге ұнады. Жоба барысында бізге қолдау көрсетіп, көмектескендердің барлығына алғысымызды білдіреміз,-дейді бас жүлде иегерлері.

I орынды № 25 ЖОМ 8 сынып оқушылары, ІІ орынды № 26 ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, 8 сынып оқушылары, № 40 ЖОМ, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің 7 сынып оқушылары, № 7 ЖОМ, М. Әуезов атындағы ЖОМ 8 сынып оқушылары, С. Торайғыров, Ә. Бөкейхан атындағы мектептердің 7 сынып оқушылары ІІІ орынды иеленді.

Жүлделі орындарға ие болған командалар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1007863?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version