2025 жылғы 22-23 мамырда ОӘО ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті БЖБ бірлесіп «Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 22-23 мамырда Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Берешекпен жұмыс басқармасымен бірлесіп «Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдері»  тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мен тәсілдерінің қолдану принциптерін, негіздерін түсіндіру .

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

Семинар тыңдаушылары үшін Polycom  арқылы дәріс оқылды, дәріскерлер ретінде:

–    Халық Нұрлан Дүйсебекұлы – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті, Берешекпен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары және

–   Балмагамбетова Жанат Дастановна – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті, Берешекпен жұмыс басқармасы бас сарапшысы сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша 151 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1005207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version