Абай облысының спортшылары Азия чемпионатында топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының жас былғары қолғап шеберлері халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатты. Шри-Ланка астанасы Коломбода өткен 22 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионатында жерлестеріміз Жанель Имантаева мен Ақнұр Тұрсынғали алтын медаль иегері атанды.

Додаға Азия құрлығының 20-дан астам елінен келген ең үздік жас боксшылар қатысты. Жанель мен Ақнұр өз салмақ дәрежелерінде барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, чемпион атанды.

Бүгін жеңімпаз қыздарды жерлестері ыстық ықыласпен қарсы алды. Спортшыларды туған-туыстары, достары, бапкерлері мен жанкүйерлері гүл шоқтарымен және қошеметпен қарсы алып, үлкен қуанышпен құттықтады.

Бұл жеңіс – Абай облысында спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын дәлелі. Жас чемпиондарымызға алдағы уақытта да табысты әрі жарқын жетістіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1005122?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version