«Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай көпбалалы аналармен кездесті. Кездесу барысында аудан әкімі атынан аналарды құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
– «Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деге аталы сөз бар. Сіздер, мемлекетіміздің демографиялық әлеуетін арттырып, ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Өздеріңізге алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Мемлекеттік наградаларыңыз құтты болсын!» – деді Амалбек Дәркенұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі №862 Жарлығына сәйкес, ауданымызда 36 көпбалалы ана марапатталды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1005681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version