️ ️ ⚜️Аудан әкімі Асқар Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста шегірткеге қарсы күрес бойынша жүргіліп жатқан жұмыстар және суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелері қаралды.
🔹️ Шегірткеге қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстар туралы Ойыл аудандық аумақтық ауылшаруашылығы инспекциясының басшысы Абдуллин Бердіғали Тайбасұлының баяндамасы тыңдалды.
🔸️Жиын соңында аудан әкімі Ойыл аудандық ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі, Ш.Берсиев атындағы Ойыл өнер және өлке тарихы музейі және Ойыл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ұжымын Ақтөбе қаласының күніне орай ұйымдастырылған ” Ақтөбе тарының астанасы” атты гастрофестивальді жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқаны үшін Ақтөбе қаласы әкімі А. Бекеттің алғыс хатымен марапаттады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1005401?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау