Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында пробация және жергілікті полиция қызметінде есепте тұрған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселесі қаралды.
Отырысқа қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ҚАЖ департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесуде сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мәселелеріне басты назар аударылды.
Облыстық мәслихаттың депутаты Павел Безвербный облыстық прокуратураның «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасының оң нәтижелерін атап өтіп, сотталғандарды жұмыспен қамту және білім алуына қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.
Қабылданған шаралар есепте тұрған азаматтардың қоғамға оралып, оң өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1006589?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау