Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БАЛА ҮНІ — ЗАҢ АЯСЫНДА ТЫҢДАЛСА

27.05.2025 жылы «Бала үні» республикалық акциясы аясында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерілету мақсатымен Ақсу ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Д.С. Қалибеков Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы Ж.Сыдықов атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, бала құқығын қорғау механизмдерімен таныстыру және балалардың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап беру.

Кездесу барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың мүліктік және әлеуметтік құқықтары туралы түсіндірме жұмысы жүргізіліп, «Егер менің құқығым бұзылса…» тақырыбында пікірталас өтті

Негізгі идея бала — өз құқығын білуі тиіс. Ал ересектер — оны қорғауға және тыңдауға міндетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1005969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version