Ақтауда жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстарға 2 техника мен 9 қызметкер жұмылдырылды. Химиялық өңдеу жұмыстары күнделікті, ауа-райының қолайлығына байланысты сағат 21:00-03:00 аралығында жүргізіледі.
Бұл жұмысқа жауапты мекеме Алматы қаласындағы Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтымен тығыз байланыс орнатқан. Институт мамандары Ақтауға келіп, өсімдік зиянкестеріне зерттеу-талдау жұмыстарын жүргізді. Оларға қарсы күрес шараларын айқындап, қолданылатын препараттар жайлы ұсыныстар енгізді.
– Біз химиялық өңдеу шараларын осы ұсыныстарды ескере отырып жүргізудеміз. Қаладағы жасыл желектерді зиянкестерден қорғау мақсатында жүргізіліп отырған химиялық өңдеу жұмыстары жасақталған дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қолданылып отырған препарат адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп келтірмейді. Химиялық өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, – деді «Green City Aktau» мекемесінің қызметкерлері.
Айта кетейік химиялық өңдеу мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
-«Бекет ата» мешітінің маңы;
-Ынтымақ алаңы;
-Облыс әкімдігінің маңы;
-7 шағын аудан ылди(спуск).
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1005933?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау