Аудан басшысы Азат Оралбаев бүгінгі Қараспан мен Қажымұқан ауыл округтеріндегі кездесулер аралығында аталған елді мекендердегі бірқатар нысандарды аралады.
Алғашқы кезекте кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе бойынша, Берген ауылындағы Коновалов көшесіндегі 11 үйге газ торабының жүргізілмей қалуының жағдайын саралады. Осы мәселеге жауапты қызметкердің бұл тұрғыда қандай жұмыс атқарып жатқанын нақтылап, бір апта ішінде олқылықтың орнын толтыруды тапсырды. Онан соң Қараспан ауылындағы құрылысы аяқталуға жақындаған медициналық нысандағы құрылыс барысын бақылады. Қараспандағы бұл емхана қажетті құрал-жабдықтармен толық жасақталып, жақын арада ел игілігіне берілетін болады.
Келесі кезекте Қажымұқан ауыл округі аумағында орналасқан бұрынғы балалар лагерінде басталған қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жауапты сала қызметкерлерімен бірге жоба жоспарларды егжей-тегжейлі талқылады. Нысанның күрделі жөндеу жобасына өз тарапынан нақты ұсыныстар енгізіп, тиісті қызметкерлерге нысанға электр желісін жеткізіп беруді тапсырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1005911?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау