АУДАН ӘКІМІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ КӨБЕТЕЙ, АХМЕТ АУЫЛДАРЫНДА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы Көбетей, Ахмет ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, халықпен пікір алмасты.

Кездесу барысында ауыл әкімдері 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша кеңінен есеп берді. Әр салада жүзеге асқан жобалар мен жетістіктерге тоқталып, алдағы 2025 жылға арналған нақты жоспарлар таныстырылды.

Сонымен қатар, аудандық бөлім басшылары да қатысып, өз салалары бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жедел әрі нақты жауаптар берілді.
Жиналған мәселелер мен ұсыныстар назарға алынып, кейбір сұрақтар тікелей бөлім басшыларына тапсырылды. Әрбір айтылған мәселе бақылауға алынып, шешу жолдары қарастырылатын болды.

Ауыл тұрғындары белсенділік танытып, пікір білдіріп, өзекті сұрақтарын қойды. Ашық диалог алаңында әр азаматтың пікірі тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1006681?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version