“Бала. Қоғам. Отбасы” атты аудандық жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық мәдениет үйінде “Бала. Қоғам. Отбасы” тақырыбында аудандық жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары, прокуратура, аудандық полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, ақсақалдар кеңесі, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Жиналыстың мақсаты – бала тәрбиесінде отбасының, мектептің және қоғамның бірлескен жауапкершілігін арттыру, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында мектеп оқушыларының тәртібі, интернеттегі қауіпсіздік, кибербуллинг, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы өзекті мәселелер қозғалды. Сала мамандары ата-аналармен ашық пікір алмасып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс соңында қатысушылар отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту қажеттігін атап өтіп, балалардың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1005497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version