28 мамыр күні «Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» КММ 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар әлемді бейнелейді» атты асфальтта сурет салу байқауын өткізді.
Байқауға оқушылар аса қызығушылықпен белсенді қатысып, шығармашылық қиялдарымен бөлісті. Барлық қатысқан оқушыларға мадақтама берілді және мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі «ЖК Алканова» демеушілігімен тәттілер үлестірілді. Демеушілік көрсеткен Алканова Айжан Ахметгалиевнаға алғыс білдереміз! Жас өрендер мен балдырғандарды мерекелерімен құттықтай отырып, бақытты балалық шақ пен бейбіт өмір тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1006717?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау