Бүгін, ағымдағы жылдың 27 мамыр, Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс қырық үшінші сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына Жақсы ауданының әкімі А. А. Қадыралина, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А. Б. Каркенов, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық бөлімдердің басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар:
1. Жақсы ауданының 2024 жылға арналған бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.
2. Жақсы ауданының ауыл және ауылдық округтерінің 2024 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептерді бекіту туралы.
3. 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша көрсеткіштер және жаңа оқу жылына арналған жоспарлар туралы есебі.
Аудандық мәслихат депутаттары сессияның күн тәртібі бойынша барлық шешімдерді бірауыздан қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1005619?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау