Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Маусым 6, 2025
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін 4 500-ге аса адам пайдаланды

Жарияланды:

06/06/2025 09:52

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал.

Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады:

  • зейнетке шығу: базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы;
  • бала туу: жүктілікке, босануға немесе бала асырап алуға байланысты табыстан айырылу кезіндегі төлем, сондай-ақ 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы;
  • мүгедектік: еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайындағы әлеуметтік төлем;
  • жұмыссыз қалу: жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
  • жақын адамынан айырылу: асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем.

Айта кету керек, есептеу пайдаланушы енгізген деректер негізінде жүргізілетіндіктен, төлем нәтижесі шамамен көрсетіледі және ақпараттық сипатта беріледі. Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері уәкілетті мемлекеттік органға өтініш беруші ұсынған мәліметтер негізінде есептеліп, ресми түрде тағайындалады.

Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын (Google Play және App Store-да қолжетімді) жүктегеннен кейін мемлекеттік биометриялық сәйкестендіру сервисі арқылы авторизациядан өту қажет. Одан кейін тиісті бөлімді таңдап, қажетті деректерді енгізу керек.

Айта кетейік, «ЦОН» мобильді қосымшасы – электрондық қызметтерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін жан-жақты цифрлық арна ретінде қарқынды дамып келеді.

Сұранысқа ие қызметтердің бірі – ХҚКО-ға кезекке тұру мақсатында алдын ала брондау функциясы. Апта сайын қосымша арқылы шамамен 60 000 электрондық талон беріледі, бұл кезекте күту уақытын едәуір қысқартып, қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу үшін қажетті емтиханға жазылу қызметі кеңінен қолданылуда. Апта сайын теориялық емтиханға 8 000-нан астам, ал тәжірибелік емтиханға шамамен 7 000 адам жазылады. Сонымен қатар, сынамалық жүргізу тәжірибесіне тіркелу қызметін апта сайын орта есеппен 1 600 адам пайдаланады.

Қазіргі уақытта «ЦОН» мобильді қосымшасын 670 000-ға жуық пайдаланушы жүктеп, белсенді түрде қолдануда.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saran-aktas/press/news/details/1006358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Кибер Тұмар күні аясында ХҚКО-да оқушыларға экскурсия өтті
Next: ШҚО-да сейсмикалық қауіпсіздік бойынша брифинг өтті→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version