Бүгін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бас директорының академиялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Наталья Александровна Дрейтпен кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Беккалиев, оқу-әдістемелік кабинет директоры Гүлмира Камалова, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы Раушан Мұқатова қатысты.
Кездесу барысында министр Ғани Бектайұлының тапсырмасын орындау мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, мұғалімдер мен оқушылардың республикалық сайыстарға қатысуы туралы мәселелер талқыланды.
Наталья Дрейттің айтуынша, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдістері енгізілген бағдарлама дайындалды. Биыл орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері бюджеттік негізде кәсіби біліктілігін арттырады.
Кездесу нәтижесінде тараптар дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және оқушылардың спорттық жетістіктерін дамыту бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1006032?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау