Әбілқайыр Ошақбаевтың төрағалығымен өткен аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында Қосшы қаласы, ҚР АШМ Ақмола орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының өкілдері тыңдалды.
Депутат Айдын Төребаев «Асыл түлік» мал шаруашылығындағы асыл тұқымды іс жөніндегі республикалық орталық» АҚ бойынша мәселені көтерді. Қазір жабылу қаупі төніп тұрған мал шаруашылығында Мемлекеттік селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты жүзеге асыратын және ірі қара малдың генетикалық материалының банкін қамтитын Қазақстандағы жалғыз аккредиттелген мекеменің салық есебін қайта қарау және шоттарының құлпын ашу қажеттілігі өткір тұр. Ақмола облысы бойынша МКД жергілікті басқармасының басшысы мәселені бақылауға алуға уәде берді.
Ақмола облысының жерлері ақбөкендердің көші-қоны жолында тұрған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жәрдем көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР АШМ Ақмола орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілі Ержан Сағынаев баяндады.
Ақбөкендер санының көбеюін ескере отырып, ауылшаруашылық жерлеріне зиян келтіру қаупі де артады. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді тапсырды, олар ақбөкендердің ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырап етуінің алдын алуда аграршыларға көмек көрсету мәселесін жан-жақты зерттеп жатыр.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 65-бабына сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушылар өз жер учаскелерін қорғау жөніндегі іс-шараларды дербес жүзеге асыруға міндетті. Осыған байланысты фермерлер тек мобильді топтардың көмегіне сенбеуі керек, сонымен қатар жерлерді өз күштерімен қорғауды ұйымдастыру қажет.
Қызу талқылаудан кейін депутаттар мәселені шешу үшін ҚР Парламентіне өз ұсыныстарын беру туралы ортақ пікірге келді.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу туралы айтты. Қарау нәтижесінде депутаттар аудандар бойынша барлық сандарды тағы бір рет тексеріп, мәселені келесі сессияда шығаруға шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1005131?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау