2025 жылғы 21-23 мамыр аралығында ҚР ҚМ МКК-нің Оқу-әдістемелік орталығы Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп Павлодар және Алматы облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында МКД басқармалары, бөлім басшылары, МКБ басшылары мен орынбасарлары, кеден бекеттерінің басшылары мен олардың орынбасарлары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» бағдарламасы бойынша аралас форматта коучинг-тренинг өткізді.
Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің негізгі басқарушылық құзыреттерін дамыту, соның ішінде стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық қасиеттер, өзгерістерді басқару және кәсіби ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау дағдыларын жетілдіру. Бұл жұмыс сапасын арттыруға және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Коучинг-тренингті Орталық аппараттың дәріскерлері – Абдыкерова С.Ж., Дощанова С.М., Кусаинова Д.К., Омарова М.Е. және Оқу-әдістемелік орталықтың дәріскерлері – Касымкулова Л.Т., Асылтасова А.Ж. өткізді.
Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, командаға шабыт беріп, ынталандырып, басшылық етудің, сондай-ақ коммуникацияны дұрыс бағытта пайдаланудың жолдарын үйренді. Қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучингтің негіздеріне терең үңіліп, басқарудың негізгі модельдерін талдады, тиімді коммуникация дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдірді.
Коучинг-тренинг қатысушылары коучинг қағидаттарына негізделген «5 жылдан кейінгі МКД-ның көрінісі» тақырыбындағы жобаны сәтті қорғады. Өздерінің презентациялары аясында тыңдаушылар даму стратегиясының негізгі бағыттарын ұсынып, ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуде коучингтік тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамаға қатысып, «Мемлекеттік кірістер органдарында тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті сәтті арттырғаны жөнінде сертификаттар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1005326?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау