Облыс әкімі тыл еңбеккерлерін қала күнімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысы Асхат Шахаровқаланың құрметті тұрғындары 89 жастағыБақтыбай Өтемісов пен 94 жасқа келгенЮрий Яковлевич Малышкиндімерекемен құттықтап барды. Балалықкезеңдері мен жастық шақтары ауырәскери және соғыстан кейінгі жылдарментұспа-тұс келген аға буын өкілдеріаймақтың дамуына айтарлықтай өзіндікүлес қосты.

Бақтыбай Өтемісов 1936 жылыВорошилов атындағы колхозда (қазіргіМәртөк ауданы Полтавка ауылыдүниегекелгенСоғыс жылдары ересек ер адамдар майданға аттанған кездеколхоздағы жұмыс әйелдер мен балалардың мойнына артылды.

«Ол кезде біз бала бола тұра,  ересектермен тең жұмыс істедікжержыртуегін егушөп шабу және майданғаазық-түлік жөнелту де бізге артылған жүкеді.  Мен небәрі жеті жаста едім», – депеске алады Бақтыбай аға.

Ол сұрапыл соғыс жылдары өткенөзінің балалық шағы мен тылдағы қиынөмірінЖеңіске қосқан үлесі туралыайтып бөлісті.

Асхат Шахаров ардагерге еткен еңбегіөмірлік табандылығы мен патриотизмніңүлгісі үшін терең ризашылығын білдіріптағдыры туған өлкеміздің тарихыменетене байланысқан адамдар туралы естесақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында Бақтыбай ағаарнайы көңіл бөліп құттықтай келгеніүшін алғысын білдіріптуған қаласы мен оның тұрғындарына амандықбейбітшілікпен өркендеу тіледіҮлкендік батасынберді.

Бұдан соңоблыс әкімі Юрий Яковлевич пен Галина Викторовнағабарды. Юрий Яковлевич Байкал сырт өлкесіне қарасты Могоча қаласындадүниеге келген. 1943 жылы оныңтеміржолшы әкесі қызметіне байланыстыөзге 50 отбасымен бірге Ақтөбеоблысының теміржол саласында жұмысістеуге жіберілдіОсылайшаМалышкиндер отбасы Қазақстанға көшіпкеліпөз тағдырын осы жерменмәңгілікке байланыстырды.

Юрий Малышкин әкесінің ізін қуыптеміржол техникумында білім алдыКейін Ташкент теміржол көлігіинженерлері институтын бітірдіЕңбекжолын «Сельмаш» зауытында бастадыкейін техникумда сабақ берді, № 13, 17 және 19 мектептерде еңбек мұғаліміболдыАрдагердің жалпы еңбек өтілі 60 жылдан асады.

Ұзақ жылдық еңбек өтілінде ардагерөнеркәсіп пен білім беруді дамытуға үлесқосып қана қоймайжас ақтөбеліктерүшін тәлімгер болдыЖұбайыеңбекардагері Галина Викторовнамен бірге 50 жылдан астам уақыт бойы шаттықта өмірсүріп келеді.

Кездесу барысында облыс әкімі АсхатШахаров Юрий Яковлевичке жанқиярлықеңбегіөмірлік үлгісі және мамандыққадеген адалдығы үшін алғыс білдіріпқалатарихындағы осындай адамдардыңүлесіне тоқталды

«Ақтөбенің туған күнінде біз қаланыңіргетасын қалауға өзіндік үлес қосқантұлғаларды  ерекше құрметпен ескеаламыз. Тыл еңбеккерлері ауыржылдарға қарамастан аймақтыңдамуына үлкен үлес қостыСіздертөзімділіктіңеңбекқорлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің нағызүлгісісіздер», – деді облыс әкімі Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/1006726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version