Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы өкілі Берикбол Байхожаев М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде өткен Қызылорда облысының балалар омбудсмендерінің кездесуіне қатысты.
Сондай-ақ, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кездесуге Қызылорда облысы Білім басқармасының орынбасары Бекжан Есенбаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша уәкілі Жақсыгүл Тоғановада қатысты. Олар өз кезегінде оқушыларға білім алудың аса маңызды екенін және өз ізгі тілектерін айтып өтті.
Өкіл оқушыларға БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы конвенциясы» жайлы айтып, “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелері туралы және негізгі бағыттыраы жайлы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Бүгінгі іс-шарада оқушылар буллинг және кибербуллинг тақырыбын ашық талқылады. Оқушылар өз пікірін айтып, мұндай әрекеттердің салдары туралы ой қозғады. Қорлау, мазақ ету, әлеуметтік желілерде ғайбат сөздер жазу – бұның бәрі адамның психологиясына ауыр соққы болатыны айтылды.
Оқушылар бір-бірін тыңдап, құрметтеудің маңызын түсініп, буллингке жол бермеу – әркімнің жауапкершілігі екенін ұғынды. Әсіресе, онлайн ортада абай болып, әдептілік пен жанаршырлықты бірінші орынға қою керектігі баса айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1005539?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау