ӨКІЛ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы өкілі Берикбол Байхожаев кезекті «Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қарасты Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі филиалында партияның облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысына қатысты. Сондай-ақ, компанияға қарасты өңірлік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары айтылды.

Отырыста кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев “Қазақстан темір жолы» еліміздегі жолаушы және жүк тасымалындағы негізгі мекемелердің бірі. Бұл салада халықпен күнделікті және үздіксіз, тығыз қарым – қатынас жасалып отырғандықтан ашықтық, жариялылық және заңдылық қағидалары кеңінен сақталып, халыққа көрсетілетін қызмет мінсіз болуы қажет. Сондықтан бұл қызметте партияның ерекше назарында”  деп айтып өтті.

Сонымен қатар, өңірдегі теміржолшылардың басым көпшілігі «AMANAT» партияcының мүшелері. 17 партиялық топтартың басын біріктіріп отырған «Қызылорда теміржолы» және «Магистральды желі» бастауыш ұйымдары қызмет жасайтынын және кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев: халыққа тікелей қызмет көрсетіп отырған вокзал жұмысында заң талаптары қатаң сақталуы қажеттігін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1006133?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version