ӨКІЛ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысындағы өкілі жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Сараптамалық кеңес отырысында 2 мәселе қаралды.

Кеңес отырысына Сараптамалық кеңес мүшелері, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Жандос Түсмағамбетов, Жергілікті полиция қызметі басқармасы «отбасылық тұрмыстық зорлық зомбылық» бөлім басшысы, полиция подполковнигі Ләйла Туысбаева, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Бірінші мәселемен Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарының сақталу деңгейін бағалау мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша анықталған өзекті мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уақытша тұру кезеңінде қызмет алушылар еңбекке уақытша жарамсыз болуына байланысты, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмегендіктен, толық көлемде медициналық көмекке қол жеткізе алмауы, сондай-ақ Орталыққа түскен сәтте полиция органдары тарапынан барлық қажетті құқықтық шаралар (қорғау нұсқамасын беру, әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау) уақытылы және толық көлемде қабылданбауы және тағы басқа да мәселелер жан-жақты талқыланды.

Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жергілікті деңгейде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, әсіресе полиция, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе отырып, сондай-ақ, Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасына Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында, оларды тегін медициналық қызмет алуға жататын санаттар тізіміне енгізу мәселесін қарастыру және Қызылорда облысының полиция департаментіне Арнаулы орталықтарға түскен тұлғалар бойынша құқықтық шараларды (қорғау нұсқамасы, іс қозғау) уақтылы қабылдау тәртібін күшейту жайлы ұсынымдар берілді.

Екінші мәселемен Сараптамалық кеңес туралы Ережеге сәйкес өңірлік Сараптамалық кеңес төрағасының орынбасарын сайлау өткізілді.

Кеңес мүшелерінің жасырын дауыс беру нәтижесімен Сараптамалық кеңестің төрағасының орынбасары болып Тунгишбаева Айнур Нұрланқызы сайланды.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өңірлік өкілінің жанындағы Сараптамалық кеңес – консультативтік-талдамалық функциялары бар кеңесші орган. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Кеңестің негізгі міндеті – адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалог жүргізу және ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1006621?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version