Өнеркәсіп саласында өнім көлемі артты (сәуір айының қорытындысы)

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың қаңтар-сәуір айында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 389,4 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 123,6% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің 23,6%-ға өсуі тау-кен өндіру саласында өнім көлемінің 47,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 18,1%-ға өсуімен түсіндіріледі.
Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында 51,0 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 147,6%-ды құрады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында есепті кезеңде 250,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 118,1% құрады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім көлемінің артуының нәтижесінде облыс бойынша өңделген тауарлар экспорты артуда. 2025 жылдың қаңтар-ақпанында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есеге артып, 63,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау мақсатында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ арқылы 2024 жылы өңір компанияларының («Сауле кондитерлік фабрикасы» ЖШС, «Talas Investment Company» ЖШС, «Бурненская молочная компания», «Полиэтилен Агро» ЖШС) шығындары 122,3 млн. тг. өтелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-kasipkerlik/press/news/details/1006039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version