Павлодарда жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жарақаттануының алдын алу мақсатында облыс ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Республикалық маңызы бар автожолдарда “Қауіпсіз жол” ЖПІШ шеңберінде жүргізушілермен және жолаушылармен күн сайын профилактикалық әңгімелер өткізеді.
Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Республикалық маңызы бар автожолдарда үгіт-насихат жұмыстары аясында полицейлер 2 мыңнан астам жадынамалар, буклеттер мен брошюралар таратты.
Күн сайын патрульдік полиция нарядтары апат ошақтарына барынша жақын және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге бағытталған. Түнгі уақытта патрульдер маяктары қосылған жолдың қауіпті учаскелерінде болады.
Тәртіп сақшылары Республикалық маңызы бар автожолдарда жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолға шықпас бұрын көлік құралдарындағы ақауларды мұқият тексеріп, жою, мұқият, қырағы болу және жол жүрісі ережелерін бұзбау қажеттігін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1006233?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version