Президенттік Жастар кадр резерві “Еліміздің дамуына өз үлесіңді қос!”

Жарияланды:

Автор:

категорияда
1 маусымнан бастап Президенттік Жастар кадр резервіне құжаттарды қабылдау басталады, оның бірінші кезеңі 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.
Мемлекеттік тілді меңгергені туралы қолданыстағы сертификат болмаған жағдайда өтініш берген сәтте үміткерге мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша – ҚАЗТЕСТ бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығы” ШЖҚ РМК-да немесе qazaq resmi TEST мемлекеттік тілді тестілеудің онлайн-сервисінде бір рет тегін тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі “www.qrt.kz” Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында алынған промокод арқылы. Qazaq RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТТЕ тестілеуден өту үшін ұсынылған промокодты кандидат жеке өзі пайдалануы тиіс.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1005639?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version