22 мамыр күні Абай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті жанындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының қызметкері Темирлан Зулхаров Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға қызығушылық танытқан және тәжірибесі бар Абай облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – іріктеу тетігін түсіндіру, жас мамандарды белсенді мансаптық өсуге және мемлекеттік басқаруды жаңғырту процессіне қатысуға ынталандыру.
Кездесу барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, конкурсқа қатысуға дайындық бойынша, оның ішінде өтінім беру кезеңдері, бағалаудан өту және құзыреттерді дамытуға қатысты практикалық кеңестер алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/1005305?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау