Қайтарылған активтер есебінен салынатын әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 мамырда Ақмола облысының прокуроры Руфат Куттуков жұмыс сапарымен Зеренді ауданына барып, мемлекеттік меншікке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.

Сапар аясында облыс прокуроры аудан орталығында салынып жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құны 2 миллиард теңгені құрайды. Ол бұқаралық спортты және жастардың дене тәрбиесін дамытуға арналған маңызды алаңға айналады.

Сондай-ақ Садовое және Васильковка ауылдарында салынып жатқан су құбыры желілерінің құрылыс нысандары қаралды, олар халықты сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жобаларды іске асыру – азаматтардың игілігі үшін мемлекетке қайтарылған қаражатты тиімді пайдалану жөніндегі прокуратура органдарының жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Жалпы Ақмола облысы аумағында қайтарылған активтер есебінен жалпы сомасы шамамен 10 миллиард теңгені құрайтын 34 әлеуметтік нысан іске асырылуда. Бұл — халықтың күнделікті өмір сапасын жақсартуға бағытталған спорттық және коммуналдық инфрақұрылым нысандары.

 

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1005767?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version