Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандары тарапынан «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңының 26-бабына сәйкес, бірқатар нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу барысында, заң талаптарының бұзылу жағдайлары анықталып, материалдар Түркістан облысы бойынша бақылау жөніндегі басқармаға жолданды. Басқарма тарапынан 8 нысанға қатысты тексеру тағайындалып, меншік иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 316-бабы (жобалық құжаттаманы бұзу), 321-бабы (құрылыс саласындағы өз бетінше әрекет ету), және 463-бабы (рұқсатсыз қызмет) бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Тексеру нәтижесінде аталған нысандардың меншік иелеріне айыппұл салынып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде тиісті нұсқамалар берілді. Бұл шаралар құрылыс саласындағы құқықтық тәртіп пен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі алдағы уақытта да бақылау және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді жалғастырады. Нысандардың заң талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету – тұрғындардың қауіпсіздігі мен өңірдің үйлесімді дамуының кепілі.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1006264?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау