Қысқы мерзімдегі футбол алаңы – басты сұрақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баянауыл жастары әлеуметтік желіде облыс әкімі А. Байхановқа қысқы мезгілде футбол ойын алаңына қатысты сауал жолдады.

Сол сауалдың негізінде аудан әкімі А. Ксентаев спортсүйер жастармен кездесу өткізді. 

Жалынды жастар өзіндік мәселелері мен ұсыныстарын ортаға салды. 

Баршаға белгілі, ауданда ірі құрылыс, дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып, құрылыс толығымен аяқталуға жақын. 

Ғимарат толығымен дайын болған соң ескі ғимараттағы спорттық секциялар жаңасына ауысып, барлық спорт түрлерінен жаттығулар жүргізіледі. Ал, ойын алаңдары, оның ішінде футбол залы бұрынғы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде (№2 мектеп маңында) ұйымдастырылады. Нәтижесінде, қысқы уақытта да қолданысқа беріледі.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің басшысына жастардың ыңғайына қарай, солармен келісіп ойын кестесін жасау тапсырылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1006531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version