Сәтбаевта полицейлер студенттерге есірткінің зияны туралы айтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сәтбаев қаласында полиция қызметкерлері студенттерге нашақорлықтың зиянды әсерлері туралы дәріс оқыды.  Бұл іс-шара жастар арасында нашақорлық қылмыстарына қарсы профилактикалық бағдарлама аясында полиция қызметкерлерімен ұйымдастырылды. Жиынға прокуратура өкілдері мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары да қатысты.    Іс-шараға қаладағы колледждерде оқитын 500-ден астам студенттер қатысып, дәріс тыңдады. Полиция қызметкерлері оларға есірткінің түрлері, олардың денсаулыққа келтіретін зияндары, сондай-ақ есірткі заттарын тарату мен пайдалану үшін қатаң жаза шаралары қолданылатыны туралы ақпарат берді. Студенттерге есірткінің зардаптары туралы фильмдер көрсетіліп, шынайы өмірден алынған мысалдар келтірілді. Тәртіп сақшылары бұл іс-шараның мақсаты – жастардың есірткіге қарсы білімдерін арттыру екенін атап өтті.    – Біз бұл дәріс арқылы жастарға есірткінің қауіптілігін түсіндіріп, олардың дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі деп үміттенеміз, – деді полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Оспанов.    Іс-шара барысында полиция департаментінің кинология қызметкерлері үйретілген иттермен арнайы қойылым ұйымдастырып, түрлі жаттығулардан үзінді көрсетті.    Жастар жиын барысында белсенді түрде сұрақтар қойып, полиция қызметкерлерінен толық жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-ulytau/press/news/details/1006724?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version