|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде; Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
|
|
7
|
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі
|
1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін; 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz интернет-ресурсында; 3) порталда орналастырылған.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
|
бірінші кезең: әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұші қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат. 1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген “Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу” мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім. 2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат. 4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі, жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары). 5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп-ұстау үшін кондоминиум қатысушылары: 1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) кондоминиум құру туралы хаттама; 4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы. 6. “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт; 4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі. 7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат. 8. Жасанды құрылысжайлар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары; 9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыржолы көлігінің мұқтажы үшін, энергетика мен байланыс мұқтажы үшін, оның ішінде осы Кодекстің 119-бабына сәйкес ұялы, спутниктік байланыс жабдығына арналған антенна-діңгекті құрылысжайларды және (немесе) тіреуіштерді салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі. 10. Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым) үшін, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) коммуникациялардың өту схемасы. 11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі. 13. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары). 14. Жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын не концессионерлер концессиялық жобаларды іске асыру үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты. 15. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациялар орандарының олардың құзіретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі. 16. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі. 17. Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушылары (мүшелері): 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы. 18. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт; 4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы. 19. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық шаруашылығы объектілерін және оларды күтіп-ұстауға арналған коммуникацияларды орналастыру үшін, күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш; 2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары); 3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі; 4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық. Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар
|
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың “жеке кабинеті”, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
“Рахат ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі
|
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау