ШАРДАРАДА ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА РЕЙДТІК ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданында заңсыз жер қойнауын пайдалану деректерінің алдын алу мақсатында аудандық мобильді топ Шардара аудандық полиция бөлімінің (АПБ) қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Рейд барысында аудан аумағында қозғалыста жүрген жүк көліктері тексерілді. Атап айтқанда, олардың жол құжаттары мен тасымалданатын жүктің талаптарға сәйкестігі бақылауға алынды. Сонымен қатар жүк көліктерінің үстін арнайы жабу, артық салмақта шикізат артпау және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде бірқатар жүк көлігіне қатысты құқық бұзушылықтар анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алдағы уақытта мұндай рейдтік шаралар тұрақты түрде жүргізіліп, жер қойнауын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1005881?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version