Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 27 мамырда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен департамент пен аумақтық басқармалар мамандарына арналған семинар өтті.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартудың алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзудың профилактикасы мәселелері қаралды.
СҚО Дін істері басқармасының Діндер арасындағы қарым-қатынасты талдау және дамыту орталығының сарапшы-талдаушысы Е.О. Березина баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ұйымдарға тартылуына жол бермеу шараларын түсіндірді.
С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілер арасындағы лудомания қаупіне тоқталып, құмар ойындарға, оның ішінде онлайн-платформаларда ойнауға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді еске салды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1006628?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version