СҚО өрт сөндірушілері «Dostyq Mаll» СОСО-да оқу-жаттығу өткізді. Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері адамдар көп жиналатын нысанда шартты өртті сөндіру іс-қимылдарын пысықтады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сценарий бойынша өрт 4-қабаттағы көрермен залында басталды. Оттың әрі қарай таралу қаупі туындады.Сауда орталығының әкімшілігі шұғыл түрде эвакуация шараларын қолға алып, өрт сөндірушілерді шақырды.

Оқу-жаттығу барысында түтін басқан орындардан адамдарды эвакуациялау, өртті сөндіру және зардап шеккендерге көмек көрсету әдістері пысықталды.

Сондай-ақ дабыл беру жүйесі, персоналдың бастапқы іс-әрекеттері және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1005655?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version