Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұжымы сенбілікке қатысты. Шара барысында қызметкерлер Семей қаласы аумағындағы тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Сенбілікке Абай атындағы әмбебап кітапхана, Абай атындағы театр, Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония, облыстық мәдениет және халық шығармашылық орталығы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Ф.М.Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музей, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі, Абай облысының мемлекеттік архиві, Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі орталық және облыстық лингвистикалық орталықтың қызметкерлері де белсене атсалысты.
Игі бастаманың мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатты аялауға шақыру және өңірді таза ұстау. Басқарма қызметкерлері бұл шараны қолдай отырып, қоғамдық жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1005387?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау