«Таза Қазақстан» аясында Сарыағаш ауданында республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдарының бойына бей-берекет тасталған қоқыстарды жинап, арық-атыздар тазартылды. Оған қоса, жол жиектеріндегі шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1006454?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау