Бүгін “Таза табиғат” экологиялық акциясы аясында Қаратөбе ауылдық округінде сенбілік өтті. Шара барысында Балдыберек өзенінің бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Сенбілікке округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлерімен қатар мәслихат қызметкерлері де белсене қатысты.
Мұндай игі бастамалар табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, туған жерге жанашырлықты оятады.
Таза орта – жарқын болашақ кепілі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1005615?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау