ТҮРКІСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ МЕКЕМЕСІ ТҮРКСОЙ МУЗЕЙЛЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ СЕРТИФИКАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Астана қаласында бірқатар іс-шара ұйымдастырылған болатын.
19-21 мамыр күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының қолдауымен өткен ІІІ Қазақстан музейлерінің конгресіне Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінен музей директоры Баян Айтымбет пен ғылыми қызметкері қатысты.
 
ТҮРКСОЙ Музейлер бірлестігіне ұсынылған Қазақстанның бес музейінің қатарында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі де еніп, арнайы сертификат табысталды.
 
Конгрес аясында музейлік заттарды консервациялау мен реставрациялау мәселелері талқыланып, отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң құрылды.
 
Арнайы шеберлік сағаттар өтіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау жолындағы жаңа тәсілдері мен заманауи әдістер таныстырылды.
Сонымен қатар Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани қазына – 2025» Республикалық фестивалінің «Үздік облыстық маңызы бар музей» номинациясы бойынша қатысып, сертификат алды. Бұл – үлкен жетістік және өңір мәдениетін дамытуға қосқан еңбек пен кәсіби шеберліктің мойындалуы. Сондай-ақ, облыстық музей мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арнайы ұйымдастырылған форумға қатысып, сертификатқа ие болды. Бұл марапаттар – музей ұжымының мәдени мұрамызды насихаттау мен сақтау жолындағы табанды еңбегінің нәтижесі.
 
Ұлттық музей алаңында Ақтау қаласының түркі әлемінің 2025 жылғы мәдени астанасы болып жариялануына байланысты әзірленген мәдени бағдарлама аясында арнайы отырыс ұйымдастырылды. Жиынға Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Молдова (Гагаузия), Солтүстік Кипр музейлерінің өкілдері мен Қазақстанның республикалық және өңірлік музей басшылары қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1006193?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version