2025 жылғы 28 мамыр күні Шымкент қаласы мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі, Құрылыс және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссияларының мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссия мәжілісіне Қанатбек Балтабайұлы Досалиев, Шыңғыс Лесбайұлы Қозбахов төрағалық етіп, депутаттар төмендегі күн тәртібіндегі мәселерді талқылады.
- Шымкент қаласында жер қатынастары саласында атқарылған жұмыстар туралы;
- «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытындағы жұмыстары туралы;
- Шымкент қаласында сәулет және қала құрылысы саласында атқарылған жұмыстар туралы.
Мәжіліске Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы А.Р. Исламов, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.Ә. Әбдешов, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры орынбасарының міндетін атқарушы Г.Ө. Рахметова қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Депутаттар жер қорын тиімді пайдалану, цифрландыру және жерге қатысты заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған шаралар, қала аумағын жоспарлау, сәулет келбетіне қойылатын талаптарды сақтау, абаттандыру және мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсету, халыққа қолжетімділікті арттыру және «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету бойынша баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселелерге назар аударылды.
Депутаттар күн тәртібіндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында атқарылған жұмыстарды Жергілікті өзін-өзі басқару және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссия отырысында қайта тыңдауды, басқа мәселелерді мәслихаттағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарауды ұсынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1006613?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау