Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

  1. Көп балалы отбасылар тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіре алады ма?

 

Жауап:

Тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіруге «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 13 бабының, 8 тармағында көрсетілген азаматтар құқылы. Бұл тармақта «Көп балалы отбасылар» көрсетілмеген.

 

  1. Пәтер алуға кезекке қалай тіркелуге болады?

Жауап: Тұрғын үйге кезекке тіркелу үшін ЭЦҚ арқылы жеке тұлға ретінде  «Kezekte.kz» порталының «Shanyraq» бөлімінде өтініш беру қажет.

 

  1. Қандай азаматтар тұрғын үйді бірінші кезекте алуға құқылы?

Жауап: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жетiм балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар.

 

  1. 1 топ мүгедектері тұрғын үйді жекешелендірге құқылы ма?

Жауап:

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы»  Заңына сәйкес 1 және 2 топтағы мүгедектер тұрғын үйді жекешелендіре алады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-aktogay/press/news/details/1006647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version