Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

-Ауланы абаттандыруға қалай өтініш беруге болады?

Объектілерді іске асыру бойынша қаржыландыру (балалардың ойын және спорт алаңдары, скверлерді және тротуарларды абаттандыру) “Халық қатысатын Бюджет” жобасы арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты аудан әкімі аппаратының ресми сайтында жарияланатын 2027 жылға арналған “Халық қатысуы бюджеті” жобасына белсенді қатысуды ұсынамыз.

-Жарықтандыруды қалпына келтіру мәселесі бойынша?

Өтінімді сіз тұратын аудан әкімінің аппаратына беруге болады. Өтінім тіркелгеннен кейін жарықтандыруды қалпына келтіру мәселесі жұмыс жоспарына енгізіледі және орындау үшін мердігер ұйымға беріледі.

-Ағаштарды кесуге қалай өтініш беруге болады?

Ағаштарды кесу жұмыстары маусымдық іс-шаралар кестесінде жоспарланған және бекітілген жоспарға сәйкес мамандандырылған қызметтер орындайды.

 

-Үйді жылыту маусымына дайындау нені білдіреді?

Үйді ПИК, МИБМ немесе үй бойынша жауапты тұлға жылыту маусымына дайындау үшін келесі жұмыс түрлерін жүргізуді ұйымдастыру қажет:
– жылыту жүйесін жуу;
– жылыту жүйесін қысу;
– элеватор торабының жөндеу жұмыстары, қажет болған жағдайда күрделі жөндеу жүргізу;
– “Теплотранзит Караганда” ЖШС-нен 100% дайындық актісін алу.

ҚТҚ шығару қанша рет жүзеге асырылады?

Көпқабатты тұрғын үйлерде ҚТҚ шығару күн сайын жүзеге асырылады .
Жеке шарттары бар жеке үй иеліктерінде қоқыс айына 1 рет шығарылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-rayon-im-kazybek-bi/press/news/details/1006073?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version