Бұл күн — елдігіміздің, тәуелсіздігіміздің айғағы болған қасиетті Елтаңба, көк Ту мен асқақ Әнұранға деген зор құрметтің белгісі. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихы мен тағдырының, бірлігі мен болашағының көрінісі. Олар әрбір азаматтың жүрегінде отансүйгіштік сезімді оятып, ұлтқа деген мақтаныш пен сенімді нығайтады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің көк байрағы әлемнің ең биік мінберлерінде желбіреді. Елтаңбамыз – елдігіміздің, Туымыз – тәуелсіздігіміздің, Әнұранымыз – рухымыздың символына айналды. Бұл – бәріміз үшін мақтаныш!
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің иесі. Сондықтан, біз ұлттың ұлы мұрасын – рәміздерімізді қадірлеуді, құрметтеуді жастардың бойына сіңіруіміз керек. Өйткені мемлекеттік рәмізге деген құрмет – елге деген құрмет.
Осы бір айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, татулық пен бақ-береке тілеймін!
Еліміздің рәміздері – ұрпақтан ұрпаққа аманат болсын!
Құрметпен, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1011631?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау