🗓️ 14 маусым күні Түркістан қаласында «Сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды ешкілер» республикалық көрмесі өтеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көрменің мақсаты:
• Елімізде асыл тұқымды ешкі шаруашылығын дамыту;
• Халықты экологиялық таза өніммен таныстыру;
• Ешкі сүтінің адам ағзасына пайдасын насихаттау;
• Шаруашылықтар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау
Бағдарламада:
• Ешкілердің сырты пішінін (экстерьерін) бағалау;
• Ең жоғарғы сүттілікті анықтау;
• Сүт майлылығы мен құнарын анықтау;
• Аталық сыртқы пішінін (экстерьер) қарау;
• Аталықтардың салмағы мен бойын өлшеу;
• Лақтар сайысы
Жүлде қоры – 2 000 000 теңге
Арнайы ұтыстар – бағалы сыйлықтар қарастырылған!
Көрмеге Заанен, Альпі, Ламанча, Англо-нуб, Бур, Камори, Гулаби және басқа да асыл тұқымды ешкілер қойылады.
Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А, «Алтын бұлақ» базары
08:00 – тіркеу & сынама алу
Ашылу салтанаты: 09:00
Байланыс үшін:
+7 702 509 9163 (Амантай) ақпарат алу үшін
+7 771 321 3213 (Еркебұлан) ешкі тіркеу үшін
Ұйымдастырушылар: Түркістан облысы әкімдігі мен «Сексек ата» шаруалары
Келіңіздер! Көріңіздер! Шаруаларды қолдайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1013140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version