1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара ауылы Ғ.Атымтаевтың құттықтау сөзімен және белсенді оқушыларға алғыс хат және сыйлықтар табыстаумен басталып, балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалары, көңілді концерттік қойылымдармен жалғасын тапты. Шара барысында бүлдіршіндер ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар мен ауыл тұрғындары балғындарды қуанышқа бөлеп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Іс-шараның мақсаты – балалардың мерекесін атап өту, олардың жүзіндегі күлкі мен қуанышты сәттерге себепкер болу. Мереке соңында балаларға бауырсақтар мен балмұздақтар тарту етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi-zhambyl/press/news/details/1011417?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау