2025 жылғы 5 маусымда аудандық мәслихат төрағасы М.Тулеуовтың төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы өтті.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
1. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі бойынша мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы.
2. Алға қаласы әкімінің Алға қаласының 2025 жылдың бірінші жарты жылындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы жөніндегі есебі және алдағы жоспарлар туралы.
3. Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 «2025-2027 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4. Басқа да мәселелер.
Депутаттар сессияның күн тәртібіндегі мәселелерді тыңдап, талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-alga/press/news/details/1012970?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау