Құрметті отандастар!
Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігінің, елдігіміз бен егемендігіміздің нышандары – Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыздың құрметіне арналған маңызды күн.
Мемлекеттік рәміздер – біздің мақтанышымыз, рухымыздың символы, ұрпаққа аманат етер қасиетті құндылықтарымыз. Осы мереке әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, елге деген сенім мен жауапкершілікті нығайта түседі.
Баршаңызға амандық, бақ-береке, елімізге бейбіт өмір мен тұрақты даму тілейміз! Мемлекеттік рәміздеріміз әрдайым асқақтап, ел рухы биік болғай!
Мерекемен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-boleksaz/press/news/details/1011406?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау