4 маусым-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жанама ауылында Мемлекеттік рәміздер күніне орай балғындарға арналған мазмұнды шеру ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен мемлекеттік рәміздерге деген құрметті сіңіру.

Шеру түрлі жас топтарына бөлініп өтті:

– 1 жасқа дейінгі сәбилер мен аналар (арбасымен):
«Болашақ – осы арбаларда, еліммен бірге өсемін!» ұранымен.

– 2-3 жас аралығындағы балалар аналарымен (велосипедпен):
«Ана жүрегі мен көк Тудың астында – бейбіт балалық шақ!» ұранымен. 

– 4-5 жас аралығындағы балалар (өздері велосипедпен):
«Мен – Тәуелсіз елдің ертеңімін!» ұранымен.

– 7 жас шамасындағы балалар (самокатпен):
«Самокатпен самғаған ұрпақ – биікке ұмтылған Қазақстан!» ұранымен.

– 8 жастан жоғары балалар (велосипедпен):
«Ел болашағы – белсенді, спорт сүйгіш жастарда!» ұранымен.

– Жеткіншектер (электросамокат пен мопедпен):
«Тәуелсіздік рухы – жаңашыл ұрпақпен жалғасады!» ұранымен.

Шара барысында балалар көтеріңкі көңіл-күймен мектеп алаңында жүріп өтті. Әрбір топ мемлекеттік рәміздердің бейнелерімен, ту ұстап, атаулы күннің маңызын паш етті. Шара балалардың есте қаларлық қуанышты күніне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1011373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version