6 сынып оқушысын қазақ тілі мен әдебиеті бойынша республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс сапары аясында Аққайың ауданының әкімі Жанар Поселкеқызы Құсайын Дайындық ауылының 6-сынып оқушысы Оспан Әселді 5–6 сынып оқушылары арасында өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша республикалық олимпиададағы жеңісімен құттықтады. Білімге деген талпынысы мен табандылығы үшін Әселге бағалы сыйлық табысталды. Қызына дұрыс тәрбие беріп, білім жолындағы ұмтылысына қолдау көрсеткені үшін анасы — Оспанова Гүлдарай Бауржанқызына алғыс хат табысталды. Жеңіспен құттықтауларды сондай-ақ «Дайындық» ЖШС директоры Шаймерденов Біржан Әбділманұлы да жеткізіп, Әселдің жетістігі бүкіл ауыл үшін мақтаныш екендігін атап өтті. Мұндай жарқын мысалдар Аққайың ауданында талапты да дарынды жастар өсіп келе жатқанын дәлелдейді және шабыттандырады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn/press/news/details/1013293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version