Балалар және жасөспірімдер орталығындағы жаңа технология

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Әділжан Арғынұлы аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығына барып, орталықтың жаңалықтарымен және жетістіктерімен таныс болды.

Бес жүзден астам бала тәрбиеленіп, әр түрлі үйірмелерден тәлім алып жатқан орталық таяуда «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы материалдық-техникалық базасы толығып, жаңа заманауи жабдықтарға қол жеткізді. Аудан басшысы жаңадан жабдықталған робототехника, телестудия, ІТ кабинеті, ағаш ою шеберханасы мен гидропоника зертханасын аралап көрді.

Орталық директоры Қанат Дүйсембаев пен әр үйірменің жетекшілері және олардың тәрбиеленуші шәкірттері заманауи құрал-жабдықтармен таныстырды.

Роботехника кабинетінде балалар робототехниканың шағын футбол ойынын, 3D қаламсабының және 3D принтерінің, дронның мүмкіндіктері мен осы үйірменің түрлі дәрежедегі сайыстарда жеткен жетістіктері бейнематериал арқылы көрсетілді.

Телестудияда жаңадан қойылған жарық, түрлі камера, радио құрылғысы аясында «Қаламгер» үйірмесінің тәрбиеленушісі Төкен Дариға аудан басшысынан сұхбат алып, мағыналы сұрақтарына тиянақты жауаптар алды.

Ағаш ой шеберханасында жас шеберлер балаларға арналған әмбебап шағын токарлық станогінде жұмыс істеп, түрі пішіндегі ағаштарды ойып, жонып, кесіп көрсетті.

Аудан басшысы гидропоника зертханасындағы топырақсыз өсімдік өсіруге арналған қоректік ерітінділер мен орталық ауласындағы жылыжай өсімдіктерін барып көрді.

Оқушы балалардың ой-өрісін кеңейтіп, білімін жетілдіріп, шығармашылық тұрғыдан дамытатын орталықтың жаңа техникалары мен құрал-жабдықтары үйірме жұмысына тың серпін беретіні анық.    

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1012938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version